«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 248 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 15 бұйрығы
Халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 248 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандарының номенклатурасында:
мынадай мазмұндағы 76 және 77-тармақтармен толықтырылсын:
«76. Штаттан тыс бас маман - Министрдің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі»;
77. Комбустиолог»;
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандарының тізімінде: