Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Румынияның Мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы
келісім
(Астана қ., 2013 жылғы 27 маусымда)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 150 бұйрығымен мақұлданды
2013 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Румынияның Мәдениет министрлігі,
екі мемлекет арасында теңдік пен өзара сыйластық қағидаттары негізінде мәдениет саласында ынтымақтастық пен достық қатынастарды нығайтуға ниет білдіре отырып,
мәдениет саласындағы ынтымақтастық олардың мемлекеттерінің арасында достық пен өзара түсіністіктің күшеюіне ықпал ететіне сенім білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес мәдениет саласындағы ынтымақтастықты көтермелейді.
2-бап
Тараптар екіжақты халықаралық шарттардың негізінде Тараптар мемлекетгерінің аумақтарында мәдени іс-шаралардың ұйымдастырылуын көтермелейді.
3-бап
Тараптар мәдениет, ғылым және білім салаларындағы ынтымақтастық шеңберінде өз мемлекеттерінің мемлекеттік кітапханалары мен мұражайларына өзара қол жеткізуді қолдайды, сондай-ақ олардың арасында ынтымақтастықты көтермелейді.
4-бап
Тараптар мұражай ісі мен мұражай менеджменті салаларында арнайы әдебиетпен алмасады.
5-бап
Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында өткізілетін халықаралық конкурстар мен фестивальдар туралы ақпаратпен алмасу арқылы музыка саласында ынтымақтастықты дамытады.
6-бап
Тараптар мәдениет мәселелеріне қатысты ақпаратпен, әдебиетпен, әдіснамалық және статистикалық зерттеулермен, мерзімді басылымдармен алмасу арқылы ынтымақтасады.
7-бап
Тараптар екі мемлекеттің мәдени мұрасын қорғау, сақтау және қайта жаңғырту бағытында. ынтымақтастықтың нығаюын және Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің мәдени мұрасына өзара қол жеткізуді көтермелейді.
8-бап