Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзету
Копенгаген, 1992 жылғы 23 - 25 қараша
Осы редакция 1999 жылғы 3 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 426-ІV Заңымен ратификацияланды
1-Бап: ТҮЗЕТУ
А. 1-баптың 4-тармағы
Хаттаманың 1-бабының 4-тармағында мынадай сөздер:
немесе В қосымшасында
мынадай сөздермен ауыстырылады:
В қосымшасында, С қосымшасында немесе Е қосымшасында.
В. 1-баптың 9-тармағы
Хаттаманың 1-бабының 9-тармағы төмен түсіріледі.
С. 2-баптың 5-тармағы
2-баптың 5-тармағында мынадай сөздерден кейін:
2 А - 2 Е баптарында
мынадай сөздер қосылады:
және 2 Н бабында.
D. 2-баптың 5-бис тармағы
Хаттаманың 2-бабының 5-тармағынан кейін мынадай тармақ қосылсын:
5-бис. 5-баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істемейтін кез-келген Тарап Тараптың А қосымшасының І тобына енгізілген реттелетін заттардың есептік тұтыну деңгейі 1989 жылы 0,25 килограмм жан басының көрсеткішінен аспаған және тұтынудың жалпы жиынтық есептік деңгейі осы Тараптар үшін осы бапта белгіленген тұтынуды шектеу шегінен тыс шықпаған кезде реттеудің кез келген біржолғы немесе бірнеше кезеңдерінің шеңберінде 2 F бабында көрсетілген өзінің есептік тұтыну деңгейі квотасының кез келген бөлігін басқа кез келген Тарапқа бере алады. Әрбір тиісті Тарап ол жұмыс істейтін шарттар мен кезең туралы хабарлай отырып, осындай берілім туралы хатшылықты хабардар етеді.
Е. 2-баптың 8а) және 11-тармақтары
Хаттаманың 2-бабының 8а) және 11-тармақтарында мынадай сөздер:
2 А - 2 Е баптары
әрбір жекелеген жағдайда мынадай сөздерге ауыстырылады:
2 А - 2 Н баптары.
Ғ. 2-баптың 9а) і) тармақтары
Хаттаманың 2-бабының 9а) і) тармақтарында мынадай сөздер:
және/немесе В қосымшасында мынадай сөздермен ауыстырылатын болады:
, В қосымшасында, С қосымшасында және/немесе Е қосымшасында.
G. 2 F бабы - Гидрохлорфторкөміртегілері
Н.
Хаттаманың 2 Е бабынан кейін мынадай бап қосылады:
2 F бабы - Гидрохлорфторкөміртегілері