ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 434 қаулысымен
бекітілген
«Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде өндірістік (индустриялық)инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетің қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесі Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.