Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 317/11 Қаулысымен күші жойылды
Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 6 мамырдағы
№ 150/5 қаулысымен
бекітілді
«Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түсті және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.17.07. берілген толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түсті және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Е-лицензиялау»: www. elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық, ішінара автоматтандырылған және (немесе) қағаз түрінде.