Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 14 сәуірдегі
№ 116 қаулысымен бекітілген
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 370 Қаулысымен күші жойылды
«Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (ары қарай - Стандарт) штат кестесі бойынша психиатр-дәрігер көзделген Жамбыл облысының медициналық ұйымдарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) тікелей жүгінген кезде көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға (алушыларға) оралман куәлігін (куәліктерін) беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық
бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті
берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі - өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет беруші медициналық тіркеушісі жиырма минут ішінде жеке куәлігі бойынша идентификация жүргізеді, тұлғаны тұрғылықты тұратын жері бойынша психиатриялық ұйымда динамикалық бақылауда болуы/болмауы туралы дерекқордан тексереді. Нәтиже теріс болған жағдайда, тиісті журналға тіркеумен, көрсетілетін қызметті берушінің медициналық тіркеушісінің қолы қойылған анықтама қағазы беріліп, дәрігер-психиатрға жолданады;