Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 482 Қаулысымен күші жойылды
Әкімдіктің
2014 жылғы 9 маусымдағы
№ 259 қаулысымен бекітілген
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысуға жолдама беру, онда мыналар қамтылады:
1) жұмысқа орналасуға жолдама;
2) қоғамдық жұмыстарға жолдама;
3) адамдарға кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жолдама;
4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолдама;
5) жастар практикасына жолдама;
6) адамдарға кәсіби бағдарлануға тегін қызметтер көрсету.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау