Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/172-V «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 29/226-V шешімі
Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 ақпандағы № 141-1 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, 111 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/172-V «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2441-нөмірмен тіркелген, 2013 жылғы 25 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 390 856 359 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 11 925 337 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 353 574 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 308 мың теңге;
трансферттер түсімі - 377 572 140 мың теңге;
2) шығындар - 389 049 448 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 4 275 020 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 5 439 712 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 164 692 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 3 000 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 3 000 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 5 468 109 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру - 5 468 109 мың теңге.»;