Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 77 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2008 жылғы 15 қарашада № 11 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: