Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 144/5 Қаулысымен күші жойылды
Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 17 шілдедегі
№ 258/7 қаулысымен
бекітілді
«Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде гранттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1) «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
2) Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3) Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі (бұдан әрі - үзінді көшірмесі) болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4) Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 434 қаулысымен бекітілген «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағымен ескерілген құжаттар топтамасын ұсыну негіз болып табылады;
5) Бас маман ұсынылған құжаттарды қабылдайды (20 минуттан аспайды). Кіріс құжаттары журналында тіркейді, үзінді көшірмесін дайындайды - 12 (он екі) күнтізбелік күн ішінде.
Басшы үзінді көшірмесіне қол қояды - 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде.
Бас маман үзінді көшірмесін көрсетілетін қызметті алушының өзі келгенде (немесе сенімхат бойынша өкілге немесе заңды өкіліне) береді немесе көрсетілетін қызметті алушының өтінішінде көрсетілген мекенжайға поштамен жібереді - 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде.
6) Рәсімнің нәтижесі үзінді көшірмесін беру болып табылады.