«Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 202 Қаулысы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 249 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 26 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2148 болып тіркелген, 2014 жылдың 17 сәуірінде № 41 (17914) «Ақ-жол» және № 51-52 (17908-17909) «Знамя труда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентіне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
18 тармағының екінші бөлігін «сақтай отырып» деген сөздерден кейін «әкімдік мәжілісінің жария етілген күнінен 7 жұмыс күн, ал кезектен тыс әкімдік мәжілісінің жария етілген күнінен 3 жұмыс күн бұрын» деген сөздермен толықтырылсын;
26 тармағындағы «аппаратқа» деген сөздер «аппараттың құжаттама және бақылау бөліміне» деген сөздермен ауыстырылсын;