Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы
Келісім
(Астрахань қ., 2014 жылғы 29 қыркүйекте)
ҚР 2015 жылғы 17 шілдедегі № 332-V Заңымен ратификацияланды
2016 жылғы 24 мамырда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрікменстан Үкіметтері,
Тараптар мемлекеттерінің арасында тату көршілік қатынастарды дамыту ниетін басшылыққа ала отырып,
Каспий теңізінің бірлескен су биологиялық ресурстары Тараптар мемлекеттерінің ортақ игілігі екенін мойындай отырып,
Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау үшін Тараптардың келісілген әрекеттері қажет екенін атап көрсете отырып,
2003 жылғы 4 қарашада Тегеран қаласында жасалған Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның ережелерін назарға ала отырып,
Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау, олардың өсімін молайту және оларды ұтымды пайдалану үшін келісілген ғылыми зерттеулер жүргізудің маңыздылығын атап көрсете отырып,
Тараптар мемлекеттері мен олардың халықтарын жұмыспен қамту үшін Каспий теңізінде су биологиялық ресурстарын кәсіби аулаудың экономикалық маңызын назарға ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісім Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарына қолданылады.
2-бап
Осы Келісімнің мақсаты үшін мынадай терминдер мыналарды білдіреді:
«су биологиялық ресурстар» - балықтар, ұлулар, шаян тәрізділер, сүтқоректілер және су жануарлары мен өсімдіктерінің басқа да түрлері;
«бірлескен су биологиялық ресурстары» - бекіре тұқымдас балықтар, майшабақтар, итбалықтар, сондай-ақ осы тізбеге Комиссия енгізген балықтардың түрлері;
«өсімді молайту» - су биологиялық ресурстарының қорын жаңарту және ол өзінде:
тұқымдық балықтардың табиғи көбею орындарын және уылдырық шашу орындарына барып-қайту бағдарларын сақтау мен қалпына келтіруге;
жасанды жолмен өсімін молайту арқылы дернәсілдерді немесе шабақтарды көбейтуге және жіберуге;