«Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 969 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Ресцубликасы Энергетика министрлігіне жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 20 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
мынадай мазмұндағы 12,13 және 14-бөлімдермен толықтырылсын:
«
12. Көлік құралдарын отынның экологиялық таза түрлеріне көшіру, оның ішінде электромобильдерді енгізу және тиісті инфрақұрылым құру жөніндегі шаралар |
120 | Автокөлікті газға көшіру үшін бос ресурстарды айқындау мақсатында жылдар мен өңірлер бойынша тауарлық және сұйытылған газдың орта мерзімді болжамдық теңгерімін жасау | Энергетикаминіне баланс | ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «ҚазТрансГаз» АҚ (келісім бойынша) | 2014 жылғы желтоқсан | талап етілмейді |