Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсiптiк меншiктi қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (Баку қ., 1998 жылғы 23 қазанда)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсiптiк меншiктi қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (Баку қ., 1998 жылғы 23 қазанда)
Дата:пятница, 23 октября 1998
Статус:
Действующий
Дата последнего изменения:пятница, 23 октября 1998

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Медицина-корпоративный, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы
өнеркәсiптiк меншiктi қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы
келісім
(Баку қ., 1998 жылғы 23 қазанда)

 

ҚР 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 26-ІІ Заңымен бекітілді

2000 жылғы 18 қаңтарда күшіне енді

 

Осы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасын қараңыз

 

Бұдан былай Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі,

екi мемлекет арасындағы тарихи қалыптасқан қарым-қатынастарды назарға ала отырып,

сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға тiлек бiлдiре отырып,

өнеркәсiп меншiгiн тиiмдi және теңбе-тең қорғау мұндай ынтымақтастықты дамытудың қажеттi шарты болып табылатындығын тани отырып,

осы мақсатқа байланысты өнеркәсiп меншiгi авторлары мен иелерiнiң құқықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау қажеттiгiн пайымдай отырып,

төмендегiлер туралы келiстi:

 

 

1-бап

 

Осы Келісім мақсаттары үшiн өнеркәсiп меншiгi құқығына мыналар жатады:

- өнертабыстар, пайдалы модельдер;

- өнеркәсiп үлгiлерi;

- тауар таңбалары;

- қызмет көрсету белгілерi;

- фирмалық атаулары;

- тауардың шыққан тегiнiң немесе шыққан жерi атаулары.

 

 

2-бап

 

Тараптар осы Келісімге және өздерi қатысушылары болып табылатын немесе болмақшы басқа да халықаралық шарттарға сәйкес өнертабыстарға, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар таңбаларына және өнеркәсiп меншiгiнiң басқа да объектiлерiне құқықты қорғау саласындағы ынтымақтастықты өзара тиiмдi және тең негiзде жүзеге асырады әрi дамытады.

 

 

3-бап

 

Тараптардың ынтымақтастығы:

өнеркәсiп меншiгiнiң объектiлерiне арналған құқықтарды қорғау мен пайдалануға байланысты мәселелердi реттеп отыруға;

Қазақстан Республикасы өтiнiм берушiлерiнiң Әзірбайжан Республикасында және Әзірбайжан Республикасы өтiнiм берушiлерiнiң Қазақстан Республикасында қорғау құжаттары берiлуiн сұраған өтiнiмдерiнiң берiлу рәсiмдерiн өзара жеңiлдетуге;

өнеркәсiп меншiгiн қорғау саласындағы ақпараттық, нормативтiк және өзге құжаттармен, сондай-ақ жұмыс тәжiрибелерiмен алмасуға бағытталады.

 

 

4-бап

 

Өнеркәсiп меншiгiн қорғау саласында Тарап мемлекеттерiнiң бiрiнiң жеке адамдары мен заңды тұлғалары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында осы мемлекеттiң ұлттық заңдарымен олардың өздерiнiң жеке адамдары мен заңды тұлғаларына қазiргi кезде берiлген немесе келешекте берiлетiн дәл сондай құқықтар мен артықшылықтарын пайдаланатын болады, сондай-ақ олар екiншi мемлекеттiң жеке адамдары мен заңды тұлғалары пайдаланатын құқықтық қорғаныс құралдарын дәл сондай негiзде және тап сондай көлемде пайдалана алады.

Бұл орайда осы Келісіммен реттелмеген мәселелер бойынша Тараптар 1883 жылғы 20 наурызда қабылданған өнеркәсiп меншiгiн қорғау туралы Париж Конвенциясының, 1967 жылғы 14 шiлдеде Стокгольмде қайта қаралған және 1979 жылдың 2 қазанында өзгертiлген ережелерiн қолданатын болады.

 

 

5-бап

 

Тараптар бұрынғы КСРО авторлық куәлiгi немесе куәлiгi берiлген өнертабыс немесе өнеркәсiп үлгiсiн заңды түрде пайдалану, оларға басқа адамдар ұлттық патент беру туралы өтiнiш берiлген күнге дейiн басталған болса, Қазақстан Республикасы немесе Әзірбайжан Республикасының кез келген жеке адамы немесе заңды тұлғасы лицензиялық шарт жасаспай-ақ өнертабыс немесе өнеркәсiптiк үлгiсiн пайдалану құқығын сақтап қалатынын таниды.

Бұл орайда сыйақы төлеу өнертабысты немесе өнеркәсiп үлгiсiн пайдаланып жүрген немесе пайдаланатын мемлекеттiң аумағында бекітілген ұлттық заңдары тәртібімен жүргiзiледi.

 

 

6-бап

 

Тараптардың әрқайсысы:

өнеркәсiп меншiгi объектілерiне бұрын берiлген КСРО қорғау құжаттарының өз мемлекетi аумағындағы iс-әрекетiн тануды;

КСРО авторлық куәлiктерi және куәлiктерiмен қорғалатын өнертабыстар мен өнеркәсiп үлгiлерiн пайдаланғаны үшiн сол пайдаланған жердегi мемлекеттiң ұлттық заңдарына сәйкес авторларға сыйақылар төлеудi;

екi мемлекеттiң өтiнiм берушiлерi мен олардың патенттiк сенiмдi өкiлдерiне ұлттық қорғау құжаттарын алуға өтiнiмдерiн ресiмдеу құқығымен қатар өнертабыстарға КСРО авторлық куәлiктерiн және өнеркәсiп үлгiсiне КСРО куәлiктерiн олардың қалған қызмет мерзiмiнде ұлттық қорғау құжаттарына айналдыру құқығын берудi қамтамасыз ететiн қажеттi шараларды қабылдайды.

 

 

7-бап

 

Тараптар экономикалық, өнеркәсiптiк, ғылыми және техникалық ынтымақтастық туралы екi жақты келісімге өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ереженi енгiзудi де өз мiндеттерiне алады.

 

 

8-бап

 

Қорғау құжаттарын алуға өтiнiм берген кезде, қорғау құжаттарын алғанда және оларды күшiнде ұстағанда екi мемлекеттiң де патенттiк сенiмдi өкiлдерi, бұл орайда ұлттық өтiнiм берушiлердiң мүддесiн көрсете отырып, өзара принциптi негiзде мемлекеттердiң патенттiк ведомстволарымен тiкелей iс жүргiзе алады. Тарап мемлекеттерiнiң бiрiнiң ұлттық өтiнiм берушiлерiне оның ұлттық заңдарында белгiленген тәртiпте, сондай-ақ өзара принциптi негiзде қорғау құжаттарын алу және оларды күшiнде ұстау жөніндегі iстердi екiншi Тарап мемлекетiнiң патенттiк ведомствосымен тiкелей жүргiзуiне құқық берiледi.

 

 

9-бап

 

Тараптар басқа мемлекеттiң өтiнiш берушiсi қорғау құжатын алуға өтiнiш беру кезiнде өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн шетелдiк патенттеу тәртібіне қатысты ұлттық заң талаптарын өтiнiш берушiнiң сақтағандығын куәландыратын құжатты тапсырудың мiндеттi шарт екендiгiн мойындайды.

 

 

10-бап

 

Өтiнiмдер беруге, қорғау құжаттарын беруге, оларды күшiнде сақтауға және өнеркәсiп меншiгiн қорғау мен пайдалануға қатысты өзге де заңдық маңызы бар әрекеттердi жасауға төленетiн баждар және басқа да қызметтер көрсетуге төленетiн төлемдер, ұлттық өтiнiм берушiлердiң баждары, төлемдердiң төленуi үшiн Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары белгiлеген бағам бойынша Тараптар мемлекеттерінiң ұлттық заңдарында қаралған мөлшерде және валютамен төленедi.

 

 

11-бап

 

Осы Келісімдi жүзеге асыру барысында Тараптардың бiрiнiң екiншiсiне жолдайтын барлық құжаттары орыс тілінде ұсынылады.

 

 

12-бап

 

Осы Келісіммен немесе оны орындауға байланысты мәселелерден туындаған пiкiр қайшылығы жағдайында Тараптардың өкiлдерi өзара кеңеседi және осы қайшылықтарды реттеуге қажеттi күш-жiгер жұмсайды.

 

 

13-бап

 

Осы Келісім Тараптардың өнеркәсiп меншiгiн қорғау саласында басқа мемлекеттермен екi жақты және көп жақты ынтымақтастыққа қатысуына кедергi болмайды.

 

 

14-бап

 

Осы Келісімдi орындау үшiн жауапкершiлiк Тараптардың патент ведомстволарына жүктеледi:

Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң патенттер мен тауар таңбалары жөніндегі Республикалық мемлекеттік кәсiпорнына (Қазпатент);

Әзірбайжан Республикасында - Әзірбайжан Республикасы Ғылым және техника жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң патенттiк-лицензиялық басқармасына жүктеледi.

Екi мемлекеттiң патент ведомстволары ынтымақтастығының тәртібі мен шарттары олардың арасындағы арнайы келісімдермен айқындалады.

 

 

15-бап

 

Осы Келісім Тараптардың барлық қажеттi мемлекетiшiлiк процедураларды орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енедi, сондай-ақ бес жыл бойы күшiнде болады және егер Тараптардың бiрi екiншi Тарапқа осы Келісімнiң қолданысын тоқтататын өзiнiң ниетi туралы тиiстi кезең аяқталудан кем дегенде алты ай бұрын хабарламаса, онда келесi бес жылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылады.

Осы Келісім күшiнiң тоқтауы екi мемлекеттiң де жеке адамдары мен заңды тұлғаларына Келісім күшiн сақтап тұрған кезде түскен өтiнiмдер бойынша берiлген немесе берiлуi мүмкiн қорғау құжаттарының қолданысына ықпал етпейдi.

Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын және осы баптың ережелерiне сәйкес күшiне енетiн Хаттамамен ресiмделедi.

 

Баку қаласында 1998 жылғы 23 қазанда әрқайсысы қазақ, әзірбайжан және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де барлық мәтiннiң күшi бiрдей.

Осы Келісімнiң ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтығы туындаса орыс тiліндегі мәтiн басшылыққа алынады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Әзірбайжан Республикасының

Үкіметі үшін

 

Добавить в список основных источников в Google

Добавление закладки

Выберите папку, куда хотите сохранить, нажав на неё:

Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!