Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 74 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 244 Қаулысы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 156 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 74 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2213 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 мамырда «Ақ жол» облыстық газетінде № 72-74 (17929-17931) жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулысымен бекітілген «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті: «Қорытынды қағида» 5 бөлімімен толықтырылсын;
келесі мазмұнды 18 тармақпен толықтырылсын: