Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 204 Қаулысымен күші жойылды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 1 шілдедегі
№ 177 қаулысымен бекітілген
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысының аудандар және облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қағаз немесе электрондық түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) немесе бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - бас тарту туралы дәлелді жауап).
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: