«Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 2 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
«Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 маусымда № 7760 тіркелген, 2012 жылғы 22 тамыздағы № 534-539 (27612) «Егемен Қазақстан», 2012 жылғы 22 тамыздағы № 280-281 (27099-27100) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар.»
Осы бұйрыққа 2-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша осы Талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4) тармақшасы негізінде әзірленген және инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарды айқындайды.»;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы;»;
10) тармақша алынып тасталсын»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы мыналарды өзіне қамтиды:
1) инвестициялық жобаның атауы;
2) инвестициялық жобаның негізгі мақсаттары;
3) инвестициялық жобаның тікелей қатысушылары;
4) инвестициялық жобаны іске асыру орны (облыс, аудан);
5) қысқаша мазмұны:
шығаруға ұсынылатын өнім, болуы мүмкін түрлену спектрін көрсете отырып, тауар немесе қызмет көрсетудің қысқаша сипаттамасы, мақсаты мен қолдану саласы;