Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 669 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 669 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған республикалық бюджетке мынадай мөлшерде:
1) 150 (бір жүз елу) миллиард теңге:
Астана - Алматы автомобиль жолының Астана - Қарағанды, Алматы - Қапшағай учаскелерін салуға;
Астана - Павлодар автомобиль жолын салуға;
«Жезқазған - Бейнеу» теміржол салуға;
Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындыққа;
Инфрақұрылымдық жобалар қорын қалыптастыру үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға;
2) 250 (екі жүз елу) миллиард теңге: