«Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасасу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 14 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасасу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына («Әділет» анықтама-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 қыркүйекте жарияланған Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9699 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасасу және ұсыну қағидаларында:
«Бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және беру тәртібі» деген 5-бөлімі мынадай мазмұндағы 9-параграфпен және 95-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-параграф. Сыртқы қарыздар және байланысты гранттар бойынша деректерді республикалық бюджетті атқару жөніндегі есепте көрсету
95-1. Үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар қаражатының түсімі мен жұмсалуы туралы деректерді жобаларды сыртқы қарыздар есебінен іске асыратын мемлекеттік мекемелер ведомствоға ұсынады және оларды ведомство есепті кезеңге түсімдер бойынша жиынтық жоспардың және міндеттемелер және төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларының бекітілген сомаларының шегінде республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерде көрсетеді.