«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 253 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 126 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрі - Қор) активтерінің бір бөлігін шетелдік банктердің және активтерді басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқаруына берудің жалпы тәртібі мен талаптарын реттейді.»;
2-1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) активтерді активтік басқару - кірістілік ауытқуы мәнінің (tracking error) пайыздық шегі 0.5 пайыздан (нөл бүтін оннан бес) асуына жол берілетін басқару түрі;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) уәкілетті бөлімше - Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сыртқы және сыртқы транзиттік басқарудың негізгі талаптары»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: