«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 1079 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасында:
мазмұнында:
беcінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 1-міндет. 2026 жылға дейін қалаларда және ауылдық елді мекендерде оқушы орындарының ағымдағы және болжамды тапшылығын жабу үшін кемінде 460 400 (екі ауысымда оқыту кезінде) жаңа оқушы орнын пайдалануға беру | |
»;
жиырмасыншы жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 11-қосымша. «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде орта білім беру объектілерін салуға облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары | |
»;
«1. Паспорт» деген бөлімде:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 5 | Ұлттық жобаны іске асыруға қажетті жалпы қаржыландыру көлемі | Барлығы: жайлы жағдайлар жасалған жаңа мектептерді салуға және ашуға 1 493 183 305 мың теңге, оның ішінде жылдар бөлінісінде: 2023 жылы - 499 999 715 мың теңге; 2024 жылы - 646 535 491 мың теңге; 2025 жылы - 346 648 099 мың теңге. |
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«