Әкімшілік қадағалау жөніндегі заңнаманы қолданудың сот практикасы туралы
2019 жылғы 31 мамырдағы № 1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы
(2024.17.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2026 жылғы 25 маусымдағы № 7 Нормативтік қаулысымен 2026 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
ҚР Жоғарғы Сотының 2024.29.11. № 6 Нормативтік қаулысымен тақырыптағы деректемелер жаңа редакцияда (2024 ж. 17 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Соттарда істерді қарау кезінде Қазақстан Республикасының әкімшілік қадағалау туралы заңнамасын қолдану жөнінде сұрақтардың туындауына байланысты, аталған істер бойынша біркелкі сот практикасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді.
1. Әкімшілік қадағалау туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен (бұдан әрі - ҚК), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінен (бұдан әрі - ҚПК), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен (бұдан әрі - ҚАК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен (бұдан әрі - ӘҚБтК), «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi № 28-І Заңынан (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.