«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 1058 бұйрығы
ҚР Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.».
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында:
95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«95. Мынадай:
әскери қызметте болудың шекті жасына толған;
Талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылық санаты дербес бағалау көзделетін бір-бірін ауырлататын үш немесе одан астам науқастануларды диагностикалау жағдайларын қоспағанда, аға, жоғары сержанттар және офицерлер құрамында Талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылық санаты дербес бағалау көзделетін науқастанулар боған жағдайда «Әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды» деген қорытынды шығарылады.
Көрсетілген жағдайларда «Әскери қызметке шектеулі жарамды» деген қорытынды шығарылады.