Қаражал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы ХІХ сессиясының № 172 «2018 - 2020 жылдарға арналған Қаражал қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 тамыздағы XXV сессиясының № 226 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1. Қаражал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы ХIХ сессиясының № 172 «2018-2020 жылдарға арналған Қаражал қаласының бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4543 нөмерімен тіркелген, 2018 жылғы 13 қаңтарда № 2 (887) «Қазыналы өңір» газетінде, 2018 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 1- тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 3 369 982 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 919 105 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 15 054 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 516 мың теңге;
трансферттер түсімі - 2 432 307 мың теңге;
2) шығындар - 3 509 602 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 3 000 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - алу 142 620 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 142 620 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 3 000 мың теңге;