Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы 28 ақпандағы
№ 24 қаулысымен бекітілген
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 112 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.11.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген) бекітілген «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес, Жамбыл облысының Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің ветеринария бөлімдері бекіткен тізім негізінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің ветеринария бөлімдері;
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.11.06. № 135 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)