Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2023 жылғы 9 қарашадағы № 9-4 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2025 жылғы 27 наурыздағы № 24-24 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 9 қарашадағы № 9-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7616-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
8-тармақта:
4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«4) 9 мамыр - Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай - ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөніндегі басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен жасырынып жұмыс істеушілеріне - 382 (үш жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2025 жылғы 9 мамырды қоспағанда, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге байланысты 2025 жылғы 9 мамырға 5000000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;