Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/15-VIII шешімі
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 16/123-VIII шешімімен күші жойылды
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6281 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;