«Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 186-VIII Заңы
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы
2023 жылғы 8 маусымда Сочиде жасалған Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі жəне жүзеге асырылуы туралы келісім мынадай ескертпемен ратификациялансын:
«Қазақстан Республикасына осы Келісімнің V тарауын болжамды бұзудан туындайтын талап қойылған жағдайда осы Келісімнің «Тарап пен екінші Тараптың инвесторы арасындағы дауларды шешу» деген 36-бабының 5-тармағы а) тармақшасының тəртібімен дауды аралық соттың орнына «Астана» халықаралық қаржы орталығының соты (АХҚО Соты) қарауға тиіс.».