«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 2-к бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 171 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 2-к бұйрығына мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 11 кіреберіс.»;
14-тармақта:
3-абзацтың орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады, мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;»;
5-абзацтың орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады, мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«Комитеттің құзыреті шегінде шығармашылық сайыстарды (конкурстар, олимпиадалар, фестивальдар, ойындар), көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, шеберлік сыныптарын, тағылымдамаларды және басқа іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;»;
15-тармақта:
6) тармақша алып тасталсын;