Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2024 жылғы 23 қаңтардағы
№ 60 бұйрығына
8-қосымша
«Сот бейнефонографиялық сараптамасы»
кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес «Сот бейнефонографиялық сараптамасы» кәсіптік стандарты әзірленді, ол сот бейнефонографиялық сараптамасын жүргізу жөніндегі сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және сот-сараптама қызметі саласында қолданылады.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
3) сот бейнефонографиялық сараптамасының объектісі - магниттік немесе әртүрлі тасымалдағыштарда, сондай-ақ дыбыс жазу құралдарында тіркелген сөздік және дыбыстық ақпарат;
4) сот бейнефонографиялық сараптамасының мәні - арнайы жазба құралдарының көмегімен әртүрлі тасымалдағыштарда тіркелген дыбыстық ақпаратты зерттеу негізінде анықталатын нақты деректер, сөйлеу акустикасы, лингвистикалық, физика-математикалық, ақпараттық және сөйлеу технологиялары саласындағы арнайы ғылыми білімдер кешенін пайдалана отырып жағдайларын, құралдарын, материалдары мен дыбыс жазу іздерін анықтау;
5) файл - бағдарламадан тыс сыртқы жадыда орналасатын және бағдарламаға арнайы операциялар арқылы қолжетімді болатын деректер түрінде нақты бағдарламада толық сипатталған даналардың сәйкестендірілген жиынтығы.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
БА - Біліктілік анықтамалығы;
СБШ - Салалық біліктілік шеңбері;
ЭҚЖЖ - Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы мемлекеттік жіктеуіші.
2-тарау. Кәсіптік стандарттың төлқұжаты
4. Кәсіптік стандарттың атауы: «Сот бейнефонографиялық сараптамасы».
5. Кәсіптік стандарттың коды: 084230