Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 Қаулысы
(2022.21.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен 2011 жылғы 2 тамыздағы № 25-02-01-25/962-И келісілген жаратылыстану – ғылыми және техникалық – экономикалық негіздемелерінің, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен 2013 жылғы 8 қазандағы № 15-02-32/1992-КЛОХ келісілген техникалық – экономикалық негіздемесінің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен 2014 жылғы 11 қарашадағы № 15-03-21/78-КЛХЖМ келісілген техникалық – экономикалық негіздемелерінің негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау ауданы аумағында жалпы алаңы 160 086,48 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар Тасорпа мемлекеттік табиғи қаумалы;
жалпы алаңы 316 141,0 гектар, оның ішінде: Маңғыстау ауданы аумағында 30 841,0 гектар, Қарақия ауданы аумағында 285 300,0 гектар жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар Жабайұшқан мемлекеттік табиғи қаумалы;
Қарақия ауданы аумағында жалпы алаңы 68 374,3 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар «Адамтас» мемлекеттік табиғи қаумалы;
Бейнеу ауданы аумағында жалпы алаңы 58 922,8 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар «Көлеңкелі» мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы;
Бейнеу ауданы аумағында жалпы алаңы 146 790,0 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар «Есет» мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы;