«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 87 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 40 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы қаулының 2 және 5-тармақтары алынып тасталсын;
осы қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттерді, пестицидтерді және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім ішінде инвестициялық субсидиялау мониторингін жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 41-1), 41-2), 41-3) және 41-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«41-1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыру;
41-2) халықты органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
41-3) органикалық өнім өндірушілерге олардың өнімдерін өндіру, тиісті облыс аумағында өткізу, сондай-ақ осы өнімді экспортқа ілгерілету мәселелерінде жәрдем көрсету;