Введите номер документа
Прайс-лист

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 72 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 10 февраля 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 26 февраля 2023
Дата последнего измененияпятница, 10 февраля 2023

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 72 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде:

5-тармақтың 24 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«24) өрт бөлігі – өрттің таралуын шектеу және оны жоюға арналған жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы тосқауылдармен (1 типті өртке қарсы қабырғалар және 1 типті өртке қарсы аражабындар) бөлінген ғимараттың бөлігі;»;

8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Егер осы Техникалық регламентте белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптары толық көлемде, оның ішінде өнімнің жекелеген түрлеріне және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне міндетті қауіпсіздік талаптарын белгілейтін құрылыс нормаларын, сондай-ақ жобалау және құрылыс жөніндегі қағидалар жинақтарын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды ерікті қолдану арқылы орындалса, объектінің өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп саналады.»;

34, 35, 36 және 37 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Сұйытылған табиғи газдардың, сондай-ақ сұйытылған мұңай газдарының және тез тұтанатын сұйықтықтардың кешендері елді мекендердің тұрғын аймағынан тыс, тұрғын үй аудандарына қатысты желдің басым бағытының желдетілетін жағынан орналастырылуы тиіс.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами