Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Құрбан айт» мерекесі күндері халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 9 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Құрбан айт» мерекесі күндері халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 9 Қаулысы (күші жойылды)
Датапятница, 16 июля 2021
Статус
Утратил силу
утратил силу с 30 июля 2021

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Медицина-корпоративный, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Құрбан айт» мерекесі күндері халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 9 Қаулысы

 

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 10-2 Қаулысымен күші жойылды

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев,

мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 12 шілдедегі шешімін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысын;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын;

COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде COVID-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы - 12,1%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) - 0,974 құрағанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104-баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті, Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы, мешіт имамдары, қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары «Құрбан айт» мерекесі кезеңінде 2021 жылғы 20 шілдеден бастап 22 шілдеге дейін:

1) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үйлер мен медреселерде адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге;

2) автомашиналардан және жеке меншік үй иеліктерінен мал сатуға;

3) онлайн режимде Құрбандық шалуды өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар айқындаған орындардан басқа жерлерде мал союды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салсын;

4) 2021 жылғы 19 шілдеден бастап 22 шілдеге дейінгі кезеңде жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтарының және жануарларды, ІҚМ мен ҰҚМ сату базарларының жұмысын тоқтатсын;

5) БАҚ арқылы онлайн режимінде құрбандық шалуды ұйымдастыру туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.

2. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы:

2021 жылғы 19 шілдеден бастап 22 шілдеге дейінгі кезеңде Шығыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды күшейтсін.

3. Қалалар мен аудандардың әкімдері, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті, Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы, мешіт имамдары «Құрбан айт» мерекесі кезеңінде 2021 жылғы 20 шілдеден бастап 22 шілдеге дейін:

1) Qurban2021.kz сайтына өтінім бере отырып, онлайн режимде құрбандық шалуға рұқсат етсін;

2) «Құрбан айт» мерекесін ұйымдастыру мәселелерін халыққа түсіндіру үшін Call-орталықтың жұмысын ұйымдастырсын;

3) мұқтаж адамдарға таратуға тартылған адамдарды жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ете отырып, тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған малдың етін) сақтау және тасымалдау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.

4. Қалалар мен аудандардың әкімдері, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті:

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етсін, адамдардың жаппай жиналуына жол бермесін.

5. Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы:

Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін, қабылданатын шешімнің адамның, қоғам мен мемлекеттің кауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғандығын, маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндірсін.

6. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

7. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.

8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

9. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

М.О.

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

 

Қ.А. Турдиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Добавление закладки

Выберите папку, куда хотите сохранить, нажав на неё:

Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!