Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы 27 сессиясының № 27/7 «Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 3/5 шешімі
Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі № 17/4 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы № 27/7 «Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2579 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 11 (14) «Вести Темиртау» газетінде жарияланған, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 18 сәуірде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесінде:
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1-тарау. Жалпы ереже»;
1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
1-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«6) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) кірістердің жалпы сомасы;»;
1-тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;
1-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын: