«Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 766 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № ҚР ДСМ-51/2020 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 83) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 766 бұйрығына (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12199 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2015 жылғы 27 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
6-тармақтың екініші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«ТМККК және МӘМС шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың медициналық ұйымдары меншік нысанына қарамастан жоспарланған жылдың алдындағы ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін, ақпараттық жүйеде дәрілік заттарға бөлінген қаржыландыру шеңберінде түпкілікті өтінімді қалыптастырады және оған бірінші басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.»;
6-тармақтың төртінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын: