Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті туралы ЕРЕЖЕ (Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына 8-қосымша) (2016.25.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 6 января 2016
Статус
Утратил силу
утратил силу с 26 июня 2017

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 23 мамырдағы № 109 бұйрығымен күші жойылды

 

Мемлекеттік қызмет істері министрінің

2016 жылғы 6 қаңтардағы

№ 2 бұйрығына

8-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің
Қарағанды облысы бойынша департаменті туралы
ЕРЕЖЕ

(2016.25.04. берілген өзгерістермен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу салаларында реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) аумақтық органы болып табылады.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, Департамент мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами