Осы редакция 2016 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 4 тамыздағы
№ 200 қаулысымен бекітілген
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11304 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсететін медициналық ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған қағаз түріндегі (еркін нысанда) немесе электрондық құжат нысанындағы тіркеу туралы хабарлама (талон) (бұдан әрі - хабарлама) немесе дәлелді бас тарту.
5. Жұмыс кестесі: