Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
«Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларын бекіту туралы»
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 236 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 бұйрығымен күші жойылды
«Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. «Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және қара металлургия объектілері үшін өндірістік микроклиматқа, жарықтандыруға, медициналық қамтамасыз етуге, сумен жабдықтауға, желдетуге, физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, атмосфералық ауаға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
Осы Санитариялық қағидалар коксты химиялық, агломерат және теміркенді шекемтастар, домна, ферроқорыту, болат балқыту, илек, құбыр, метиз, темір ұнтағы, отқа беріктету, екінші реттегі қара металдарды қайта өңдеу, металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу өндірістеріне қолданылады.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) ауамен себезгілеу-үй-жайға суық ауаның, газдың, будың, шаңның енуіне жол бермеуге арналған жергілікті желдету;
2) қара металлургия - құрамына темір кендерінен шойын, темір және болат өндіру технологиясы кіретін ауыр өнеркәсіп саласы.
2. Өндірістік микроклиматқа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар