«Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2018 жылғы 9 маусымдағы № 6001-18-7-6/188 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының м.а. 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 2 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) туралы ереженің 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2018 жылғы 9 маусымдағы № 6001-18-7-6/188 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 17148 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: