Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/24-VIII «Үлкен Нарын ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 11/127-VIII шешімі
Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Үлкен Нарын ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы» Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/24 -VIII шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9051-16 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: