Осы редакция 2015 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 3-3/517 бұйрығына
13-қосымша
Үй-ұлттық иттерін (тазы мен төбет) бағалау бойынша
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Үй иттерінің тұқымдарын бағалау бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіпүй иттерінің тұқымдарын бағалауды нақтылай түседі.
2. Үй иттерінің тұқымдарын бағалау бағалаушымен (сыныптаушы) жүргізіледі.
3. Ұлттық ит тұқымдарын селекциялық-асылдандыру жұмысының басты мақсаты мен міндеті оларды сақтау, асыл тұқымды иттердің санын көбейту, олардың тұқымдық және жұмыс қасиеттерін жақсарту.
Ит өсіруде тұқымдық асылдандыру жұмысы ит тұқымының сапасын жақсартуға, олардың өсірілу аймақтарының жағдайларына жақсы бейімделуіне, тәуір пайдаланылуына бағытталуға тиіс. Тұтастай алғанда, тұқымдық жұмыстың деңгейі мен міндеттері, тұқымдық ресурстарды жасау мен пайдалану, ішкі тұқымдық құрылымды есепке ала отырып, өсірудің неғұрлым ақылға қонымды әдістерін қолдану бойынша клубтардың, питомниктер мен басқа да бөлімшелердің ара-жігінің ажыратылуымен ірі ауқымды селекция қағидалары тұқымды асылдандыруды ұйымдастыру жұмысының негізіне алынуға тиіс.
4. Қызметтік және аңшылық ит өсіру клубтарындағы тұқымдық жұмыстың мақсаты қызметтік және аңшылық ит тұқымдары арасында тұқымдық иттерді көбейту, экстерьері мен конституциясын, жоғары жүйке қызметі (ЖЖҚ) тұрпатын, басқа да иттердің қызметтік, аңшылық және жұмыс қасиеттерін сол немесе өзге тұқымда кезігетін кемістіктер мен жетіспеушіліктерді бір мезгілде түбегейлі жоя отырып дене төзімділігін үзбей жетілдіру болып табылады.