Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 2/345 Қаулысы
Осы редакция 2025 ж. 11 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Алматы қаласы Спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/76 қаулыға келесі толықтыру:
аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
17 тармақ келесі мазмұндағы 30-4) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) петицияларды қарау;»;
2) «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/78 қаулыға келесі толықтырулар:
аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
16 тармақ келесі мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) петицияларды қарау;»;
3) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы №1/79 қаулыға келесі толықтыру:
аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
16 тармақ келесі мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:
«32) ) петицияларды қарау;»;
4) «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/81 қаулыға келесі толықтырулар мен өзгеріс:
аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
16 тармақ келесі мазмұндағы 80) тармақшамен толықтырылсын:
«80 петицияларды қарау;»;
16 тармақтың 44) тармақшасы алынып тасталсын;
Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 4 және 5 жолдармен толықтырылсын:
«4. «Алан паркинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;»;