Әкімдіктің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 376 «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 495 Қаулысы
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 22 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 376 «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5922 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қазанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламетінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру (бұдан әрі - қуәлік).
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру нысаны: электрондық.
Куәлiктi қағаз жеткiзгiште алуға өтiнiш бiлдiрiлген жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделiп, басып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөрiмен куәландырылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: