«Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 16 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіптік мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32924 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби мерекелер тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1-1-жолмен толықтырылсын:
«
| 1-1. | Қаржылық мониторинг органдары күні | - 28 қаңтар |
»;
реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-1-жолмен толықтырылсын:
«
| 28-1. | Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні | - шілденің бірінші жексенбісі |
»;
реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 32. | Теміржол көлігі қызметкерлері күні | - тамыздың бірінші жексенбісі |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 37-1-жолмен толықтырылсын:
«
| 37-1. | Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы қызметкерлері күні | - қыркүйектің екінші жексенбісі |
»;
реттік нөмірі 41-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-1-жолмен толықтырылсын:
«
| 42-1. | Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні | - 2 қазан |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 50-1-жолмен толықтырылсын:
«
| 50-1. | Автомобиль көлігі қызметкерлері күні | - қазан айының соңғы жексенбісі |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 50-2-жолмен толықтырылсын:
«
| 50-2. | Автожол саласы қызметкерлерінің күні | - қазан айының соңғы жексенбісі |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 54-1-жолмен толықтырылсын:
«