ҚР Ішкі істер министрінің 2024.29.05. № 446 бұйрығымен 59-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 1 қазандағы
№ 662 бұйрығына
59-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
2024 жыл
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық мемлекеттік мекеме.
3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жекелеген білім беру ұйымдарын оңтайландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1692 қаулысымен құрылған.
4. Академия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
5. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) Академияны жалпы басқаруды, сондай-ақ Академияның мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.
7. Академияның құрылымы мен штат кестесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді.
8. Академияның толық және қысқартылған атауы:
толық:
мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде — Республиканское государственное учреждение «Костанайская академия Министерства внутренних дел Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева»;
ағылшын тілінде — Republican State Institution «Kostanay Academy of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after Shyrakbek Kabylbayev»;
қысқартылған: