«Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 5 тамыздағы № 698 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидаcын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидаcы мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Авиамаршруттарды субсидиялау мемлекеттік қолдау шарасы болып табылады және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қалыптастыратын жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Тізілімді жүргізуді техникалық сүйемелдеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын заңды тұлға (бұдан әрі - тіркеуші) жүзеге асырады.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларды мониторингтеуді техникалық сүйемелдеуді тіркеуші жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырады, ол мынаны қамтиды: