«Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 455 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 39 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 534 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 118 бірлескен бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 405-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 76 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 455 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 39 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17674 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар);
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес теле-, радиокомпанияларға қатысты Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы (бұдан әрі - тексеру парағы);