«Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 923 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 586 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізімінде № 16534 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттардың есебі, мемлекеттік кірістер органдарында бар деректер бойынша салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін жартыжылдықтың алдындағы екінші айының бірінші күніндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.»;
10 және 11 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген, мемлекеттік кірістер органдары алған түсіндірулер негізді болған жағдайда тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде, осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өзгертілген мәліметтерді «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасына жолдай отырып, есепке алуға жатады.
Салық төлеушіні қолданыстағы санаттау есебіне өзгерістер енгізу мәліметтердің сәйкессіздігі анықталған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.