Ақмола облысы әкімдігінің 2016.15.04. № А-5/170 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ А-7/298 қаулысымен
бекітілді
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № А-2/81 Қаулысымен күші жойылды
«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға)
қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.12.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелері
1. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының білім бөлімдерімен көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы аудандар, Көкшетау және Степногорск қалалары әкімдіктерінің қаулысы немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 болып тіркелген) мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында (бұдан әрі- Стандарт) көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.